{metadescription}
«Қазақ газ өңдеу зауытының» басшысы қамауға алынды
«Қазақ газ өңдеу зауытының» басшысы қамауға алынды

«Қазақ газ өңдеу зауытының» басшысы қамауға алынды

Маңғыстау облысында «Қазақ газ өңдеу зауытының» басшысы қамауға алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің сөзінше, ол компанияның қаржысын жымқырған.

Антикор директордың аты-жөнін ашып айтпайды. Әйтсе де бұл зауытқа былтыр Болат Байшуақов басшы болып тағайындалған еді. Бұл қызметіне дейін ол зауыттың бас инженері әрі директор орынбасары лауазымын қоса атқарған. Жиырма жылдай Ақтөбе облысындағы Жаңажол газ өңдеу зауытында еңбек етті. Жемқорлық күдігіне  іліккен директор мемлекет меншігіндегі мекеменің мүлкін заңсыз сатқан. Ешқандай аукционсыз саудалап, 65 миллион теңге залал келтірген. Қазір ол қамауда отыр.

Данияр Биғайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің ресми өкілі:

Аукцион өткізбестен, заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деп күдіктенеді. Залал сомасы 65 млн теңгеден асады. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде