Атырау: Жекеменшік балабақшада бүлдіршіннің күйіп қалғанын жасырған
Атырауда жекеменшік балабақшада бір жарым жастағы бүлдіршін оңбай күйіп қалды. Ал тәрбиешілер мұны жасырып, жылы жауып қоюға тырысқан. Сорақылығы сол, бүлдіршін бір күн бұрын қолынан да қатты соққы алған. Ата-анасы ол кезде арызданбай, дәрігерге апарып емдетіпті.
Автор: Жанат Молдашова
23.08.2024
Ақжан Нұрғазиева:
— Баламды үйге алып келемін, ойымда ештеңе жоқ. Сүтін беремін. 15 минуттан кейін «суға түсеміз» деп памперсын шешемін. Күйген. Өз көзіме сенбедім.Қыздарға жіберемін. «Сіздердің балаларыңыз бар ғой, шынымен күйік пе» деп. «Иә» дейді. Жедел жәрдемге, полицияға соғамын. «Күйік» деп алып кетеді. Барғанда «біз күйдірген жоқпыз, бәрі жақсы, ыстығы болды, бәрі жақсы» дейді. Ол қалай күйеді сонда?
Бір жастан енді асқан Сұлтанды анасы «У Петровны» деген жеке балабақшаға сәуір айында берген. Тамыздың 14-і күні сәбидің қолы ауырып келген. Ал ертеңінде құйрығы күйіп қалған. Тәрбиешілер «балаңыздың құйрығы қызарып, мазасызданып тұр» деп хабарласқанда, мұндай халде деп ойламадым деп ашынады анасы. Күйікпен ауруханаға жатып шыққан ата-анасының айтуынша, балабақша басшылары да, тәрбиешілер де өз кінәсін мойындамаған. Тіпті уақтылы жедел жәрдем шақырмай, сәбидің денсаулығына салғырт қараған. Болжам бойынша, тәрбиешілер баланың құйрығын жумақшы болғанда ыстық суға күйдіріп алған. Бірақ оны жасыруға тырысыпты. Бірақ балабақша басшылығы бұл жағдайға қатысты ешқандай түсінік бермеді. Ал полиция қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД ресми өкілі:
— Арыз бойынша кешенді тексеру жүргізіліп,облыстық балалар аууруханасы дәрігерлерінің қорытындысымен 2023 жылғы баланың денесіндегі екінші дәрежелі күйік екені анықталды. Бұл дерекке қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегімен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!