{metadescription}
«Таза Қазақстан»: Шымкенттен бес тоннадан астам қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан»: Шымкенттен бес тоннадан астам қоқыс шығарылды

«Таза Қазақстан»: Шымкенттен бес тоннадан астам қоқыс шығарылды

Шымкент көшелерінен бір күнде бес тоннадан астам қоқыс шығарылды. Комуналдық мекеме жұмысшылары мен қала тұрғындары бірлесіп шаһарды тұрмыстық қалдықтардан тазартуға кірісті. Бұл «Таза Қазақстан» шарасы аясында ұйымдастырылды.

Тазалық қаланың жер үйлер орналасқан бөлігінде жүргізілді. Бес сағат ішінде 50-ге жуық жұмысшы, 100-ге тарта тұрғын 30 шақты көше мен үш гүлзарды күл-қоқыстан тазартты. Онға жуық арнайы техника жол бойына тасталған қалдықтарды алса, еріктілер мен жұмысшылардың бір бөлігі сарғайған шөптерді отап, ағаштарды да әктеді.

Орынша Тәжібаева:

— «Таза Қазақстанға» өз еркімізбен қатыстық. «Таза Қазақстанға» бүкіл ел-жеріміз болып, жұртымыз болып қорғауға, жастарды қолдауға әркез дайынбыз,  қариялар. Осы көлеңкенің аясында отырып демалып, жастарға үлгіі болып, насихаттасақ, жеріміз таза болса, таза табиғатта демалғанға не жетсін!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде