{metadescription}
СҚО: Балалардың көкжөтелі асқынып, таралуы 30 есеге артқан
СҚО: Балалардың көкжөтелі асқынып, таралуы 30 есеге артқан

СҚО: Балалардың көкжөтелі асқынып, таралуы 30 есеге артқан

Солтүстік Қазақстан облысының дәрігерлері көкжөтелдің асқынғанын айтып дабыл қаға бастады. Өйткені өңірде аталған кеселдің таралуы 30 есеге артқан. Ал ауруға шалдыққанның бәрі — балалар.

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері көкжөтел жұқтырудың 62 жағдайы тіркелген. Ал өткен жылы екі-ақ адам ауырыпты. Кеселге шалдыққандардың көбі облыс орталығында. Бірақ көкжөтел Қызылжар, Тайынша, Айыртау, Мамлют, Есіл, Ғабиден Мүсірепов және Шал ақын аудандарында тіркелді. Ауру жұқтырғандардың 94 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Дәрігерлердің айтуынша олардың ешқайсысы да кеселге қарсы екпе алмаған. Мамандар бұл ауруға қарсы бірден-бір қалқан тек екпе екенін айтады. Өйткені кеселді бірден жоятын дәрі ойлап табылған жоқ. Көкжөтел жұқпалы дерт. Оның белгілері: тоқтаусыз жөтел мен құсу.

Арман Күшбасов, СҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Көкжөтелді қоздыратын талшықтар ауа арқылы тарайды. Түшкіру, жөтел немесе әңгімелесіп тұрғанда жұғуы ықтимал. Ол асқынғанда пневмония, өкпенің асқынуы мен құлақтың ісуы және мидың зақымдуына әкеледі. Салдары өте ауыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде