Астанада зейнеткерлер челлендж өткізіп, алматылықтарға эстафета жолдады
Астанада зейнеткерлер Конституция күні орай «Егеменім — елдігім» атты республикалық челлендж өткізді. Халықты бірлік пен елдікке ұйыстыратын ерекше басқосуға Астана қаласы әкімдігінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мұрындық болған.
Автор: Мерей Қалиасқар
23.08.2024
Мәдени шара Астана-Бәйтерек монументі мен Нұржол гүлзарының жанындағы алаңда ұйымдастырылды. Шараның мақсаты — Ата заңымызды ұлықтау, оның мәртебесін асқақтату, еліміздегі тұрақтылық пен заңдылықты дәріптеу. Челленджге қаланың бар ауданынан 200-ге жуық жүрісі ширақ, өнерлі ата-әжелер жиналып, әнұранды нақышына келтіріп орындады.
Зейнеткерлердің бұл игі бастамасы жастарға үлгі болып, олардың бойына патриотизмді ұялатуға септігін тигізері сөзсіз. Челлендж соңында ата-әжелер өнегелі істі жалғастыру үшін алматылық зейнеткерлерге эстафета жолдады.
Күлән Мадиярова, зейнеткер:
— Жас ұрпақты тәрбиелеп жатырмыз. Ісімізбен, әрекетімізбен, сөзімізбен көрсеткіміз келеді. Отанымызды сүйіп, ел-жұртымыздың қамын ойлайтын жақсы азамат болып ержетсе дейміз. Мінеки, мақсатымыз да сол. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!