{metadescription}
Зорлық: Жанқош Тұраровтың адвокаты Әнарудың сөзін жоққа шығарды
Зорлық: Жанқош Тұраровтың адвокаты Әнарудың сөзін жоққа шығарды

Зорлық: Жанқош Тұраровтың адвокаты Әнарудың сөзін жоққа шығарды

"Таныс болғаны рас, қалғаны жалған". Бүгін Жанқош Тұраровтың адвокаты «зорлады» деп айып таққан Әнару Құрманәлінің сөзін жоққа шығарды. Боксшының өзі тілшілермен тілдесуге құлықсыз.

Адвокат Әнару Құрманәлінің мұндай қадамға түрлі мақсатта баруы мүмкін екенін айтады. Хайп қуып немесе ақша тауып, болмаса әлдебіреудің тапсырысы бойынша жасауы ықтимал. Тіпті арыз жазған түні Әнару полиция бөлімшесіне "ащы суға сылқия тойып, жартылай жалаңаш келген" дейді Самат Мамұтов. Олар тағылған айып расталмаса, қызды да сотқа бермекші. Айта кетейік, қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ал Жанқош Тұраров қылмыстық істе күдікті емес, куәгер ретінде тергелуде дейді адвокаты. Дегенмен Әнару Құрманәлі әділдік орнайтынына сенімді. Ол өзін алты жылдан бері алдап, кейін арымды таптады деген боксшының жазалануын сұрайды.

Самат Мамұтов, Жанқош Тұраровтың адвокаты:

— Мүмкін танымал болу, ақша бопсалау мақсаты болуы мүмкін. Жанқош Тұраровтың абыройын түсіру немесе бөгде адамдардың тапсырмасы және де басқа версиялар да бізде бар. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін арызданушының арызы жалған болып шықса, ҚРҚК 419-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Бұл бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыратын жаза көзделген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде