{metadescription}
Алматы облысында борышын өтеп жүрген сарбаз ауыр халде жатыр
Алматы облысында борышын өтеп жүрген сарбаз ауыр халде жатыр

Алматы облысында борышын өтеп жүрген сарбаз ауыр халде жатыр

Алматы облысындағы 55/71 әскери бөлімінде борышын өтеп жүріп басынан жарақат алған жауынгердің хәлі ауыр. 6 ай бойы комада жатқан Ербаян Мұхтар нейрохирургия орталығынан үйіне шығарылған болатын. Әскери бөлімдегілер оны дәретханада өзі құлап қалды деп құтылды. Ал ата-анасы мұнымен келіспейді. Өйткені басының бірнеше жерінде соққыдан болған жарақат ізі бар дейді. Ұлттық Ұланда қызмет атқарған сарбазға кәсіби медициналық көмек алу үшін әлі де қомақты қаражат керек. Бірақ,құзырлы органдар үнсіз. 

Тұңғышы Ербаян әскер қатарына алынғанда ата-анасы қатты қуанған. Жасынан спортқа жақын жігіт таңдаған мамандығы бойынша жоғары оқу орнына да түскен екен. 
1-ші курста азаматтық борышын өтеуге аттаныпты. Бауырларына үлгі болсын деп, ата-анасы Алматыда өткен ант қабылдау рәсіміне үш баласын да алып барған. Алты ай өтпей, Ербаян жансақтау бөлімінен бір-ақ шығып, мынадай халге жеткеніне есеңгіреген ата ана әлі де сене алар емес. 

Хамит Айтмағанбетов, әкесі:

— Оңай емес. Ешкімнің басына бермесін деп тілеймін. Жұмысқа бара жатсам да, машинада кетіп бара жатсам да, бір тілейтінім, Алладан, балам аяғынан тұрып кетсе деймін. 100 пайыз — ұрды. Құлаған адам ондай жарақат алмайды. 

Желтоқсан айында әскери бөлімшеден хабар алған соң, ата-анасы екі өкпесін қолына алып Алматыға жеткен. Жансақтау бөлімінде ес түзсіз жатқан ұлдарын командирі "дәретханада құлап қалды" депті. Басы үш жерден жарылып, мұрны да сынған. Әскери бөлімдегі бақылау камерасынан түнгі сағат екіде сарбаздардың сабылып дәретханада жүргенін көрген ата-ана командирдің сөзіне мүлдем сенбейді. 

Хамит Аймағанбетов, әкесі:

— Жаңағы сержант кім еді, Совет Серікбол, дәретханаға сол кіреді. Совет кіргеннен кейін,қаншама солдат кіріп шығады. Менің балам кіреді, 1 минут 58 секунтта баланы көтеріп алып шығады, төрт солдат.

Содан алты ай бойы комада жатқан сарбазға үш рет ота жасалған. Қазір есін жиғанымен, ешқандай әрекетке қабілетсіз. 12 мүшесі сау әскерге аттанған жігіттің әлімжеттік құрбаны болғанын да ата-анасы әлі дәлелдей алмай жүр. Ал әскерилер "дәретханада тайып жығылды" деген сөзінен танбай отыр.

 ҚР ІІМ Ұлттық Ұланның баспасөз қызметі:

— Қатардағы Е.Мұхтардың бас жарақатын алу фактісі бойынша ҚР ҚК 440-бабы, 4-тармағының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Іс барысы Әскери тергеу департаментінің бақылауында.


Ұлттық Ұлан Ербаянның ем-дом алуы үшін әрекеттеніп жатқанын, тіпті Түркия елшілігіне хат жолданғанын жазған. Бірақ сарбазға әзірге халық қана қаражат жинап жатыр.

Сарбаздың туыстары жеке дәрігердің ақысын төлей алмай қиналып отыр. Сот-медициналық сараптамасы дайын болмау себепті осы уақытқа дейін Ербаян Мұхтарға мүгедектік тағайындалмаған. Сондықтан сарбаздың хәлі ауыр екенін дәлелдеу мүмкін болмай тұр дейді ата анасы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.