{metadescription}
Ақтөбеде британ университетінен шығып қалған студенттер шу шығарды
Ақтөбеде британ университетінен шығып қалған студенттер шу шығарды

Ақтөбеде британ университетінен шығып қалған студенттер шу шығарды

Ақтөбедегі британ университетінен шығып қалған студенттердің ата-аналары шу шығарды. Мемлекеттік оқу орны жанынан былтыр ғана ашылған шетелдік білім ошағының алғашқы түлектерінің үштен бірі сынақтан сүрінген. Себебі олар білім деңгейлерін көрсете алмады дейді университет басшылары. Ал семестрден студенттің өте алмағандығы туралы жаңа оқу жылына не бары он күн қалғанда ескерткен. Бір жыл бойы мемлекеттік білім грантын алып келген жастар енді далада қаламыз ба деп қорқады. 

Жаңа оқу жылына бір апта қалғанда баласының оқудан шыққанын естіген ақтөбелік ата-аналар Жұбанов университетінің алдына жиналды. Былтыр ғана осы мемлекеттік білім ордасы жанынан техникалық мамандыққа бағытталған британдық жоғары оқу орыны ашылған еді. Мұнда мемлекет ақшасына үш жүз студент тегін оқыды. Енді соның 107-сі оқудан шығып қалған. Ұл-қызымыз оқуға үлгермей жүрсе неге ертерек айтпады деп ашынады ата-ана. 
Әсем Қалбинова, Ақтөбе қаласының тұрғыны: 

⁃ Не үшін біз грант ұтып алып, ол жерде сапа төмен болды, оқу бағдарламаларымызға сай емессіздер деп, 107 баланы шығарып тастады. Сабақ басталуға бір апта қалды. Бір апта қалғанда неге оны естуіміз керек? Не үшін біз екі ай бұрын, үш ай бұрын, егер біздің сапамыз жетпей тұрған болса, баланың сол бағдарламаға деңгейі жетпей тұрған болса, неге 2-3 ай бұрын соны ескертпеді? 


Британдық Хериот-Уатт университетінің Ақтөбедегі кампусында дәріс ағылшын тілінде өтеді. Бірінші курс студенттері жарты жыл тіл меңгеріп, қалған жарты жылында мамандықтарына қатысты білім алған. Студенттердің тілден ақсағанын ата-аналар да мойындайды. 
Жәмила Қазмағанбетова, Ақтөбе қаласының тұрғыны: 

⁃ Баланың деңгейі, ауылдан келіп тұрып, басқа жерден келіп тұр, бәрінің ағылшыны бірдей емес. Ағылшын тілінде бұның барлығын техникалық терминдерді оқып-білу мүмкін емес. Ағылшынша да аз болып қалды. Мүмкін бұл бірінші жылы құрылып жатқасын, балаларымыздың сапасы нашар болса, мүмкіндік беру керек.

Британдық оқу орны кампусын ашқан Жұбанов университеті басшылары оқудан шыққан студенттерді өздерінде оқытуға әзір. Үлгерімі нашар студентті оқудан шығару шетелдіктердің талабы деп отыр. 

Дастан Құсайынов, Қ. Жұбанов атындағы АӨУ проректоры: 

⁃ Мемлекеттік грант ұтудың бір шарты курстан курсқа өту. Егер студент курсқа өте алмаса, гранттан заңды түрде айырылады. Өте алмаған балаларымыз екінші курсқа Жұбанов университетіне, яғни Херуот халықаралық кампусына емес, Жұбановқа тиісті мамандықтарға көшуге мүмкіндіктері бар.

107 студентті Құдайберген Жұбанов университеті басшылары тек екінші курста ғана тегін оқыта алады. Қалған екі жыл ақылы болатынын айтып отыр. Бұған келіспеген ата-аналар құқық қорғау органдарына арыз түсіруде. Ең қызығы, тіл білмейтін студентті британдық университетке былтыр қабылдап, грант бөлу мәселесі де күмән туғызып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде