Қарызы бар борышкерлерге бұдан былай шетелге шығуға рұқсат беріледі
Қарызы бар әрі несиесінің мерзімі өтіп кеткен қазақстандықтарға бұдан былай шетелге шығуға рұқсат беріледі. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілген қарыз алушы енді еркін саяхаттай алады.
Автор: Мерей Қалиасқар
26.08.2024
Еске салсақ, "төлем қабілеттілігін қалпына келтіру" рәсімі қарыз төлеуді бес жылға дейін қалдыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне адам «банкрот» мәртебесіне ие болмайды. Сәйкесінше, банкрот үшін қойылатын шектеулерден босатылады. Бұған дейін борышкерлерге қарыздан құтылмайынша, елден шығуға тыйым салынған болатын. Енді сол шектеу алынып отыр. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл қадам қазақстандықтардың қаржылық жағдайын тұрақтандыруға едәуір сеп болады деп түсіндірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!