{metadescription}
Елімізде ақылы жол саны артады 
Елімізде ақылы жол саны артады 

Елімізде ақылы жол саны артады 

Елімізде ақылы жолдардың саны артады. Көлік министрлігінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарының аяқталуына қарай ұзындығы 2200 шақырым автожолдың 11 қосымша учаскесінде ақылы жүйе енгізу жоспарланып отыр. 

«Қызылорда-Арал» (455 км) 
«Ақтөбе-Мәртөк» (92 км)
«Қостанай-Троицк» (163 км)
«Ақтау-Бейнеу» (454 км)
«Қостанай-Денисовка» (169 км)
«Шу-Бурылбайтал» (184 км)
«Үшарал-Достық» (180 км)
«Балқаш-Бурылбайтал» (91 км)
«Қандыағаш-Мақат» (332 км)
Тараз қаласын айналып өту (57 км) 
Қарағанды қаласын айналып өту (48 км) 

Бұл қатарда «Қызылорда-Арал», «Ақтөбе-Мәртөк», «Ақтау-Бейнеу», «Шу-Бурылбайтал» мен «Қандыағаш-Мақат» және өзге де жолдар қарастырылған. Видео Ал жол жүру ақысынан алынған ақша олардың жағдайы мен қызмет көрсету сапасын жақсартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталмақ. Қазіргі уақытта «Қызылорда-Арал», «Ақтөбе-Мәртөк» пен «Қостанай-Троицк» автожолдарының үш учаскесінде ақы алу жүйесін енгізу бойынша жобалар әзірленген. Ол учаскелер 1 қазаннан бастап ақылы болмақ. Ал қалған жолдар бойынша тиісті ұсыныс 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Сәкен Ділдахмет, «ҚазАвтоЖол» компаниясының ресми өкілі:

⁃ Жалпы еліміздегі ақылы жолдар 17 учаскеден тұрады. Қазіргі таңда «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында 7 жол учаскесін ақылы жолға ауыстыру бойынша нормативтік-құқықтық акті талқылауға жарияланды. Атап өтетін болсақ, Үшарал-Достық, Тараз қаласының айналма жолы, Қарағанды қаласының айналма жолы, Бурылбайтал-Балқаш, Бурылбайтал-Шу, Қандыағаш-Мақат және де Қостанай-Денисовка жолдары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.