{metadescription}
Атырауда медицина саласының ардагерлері тұратын баспана құлағалы тұр
Атырауда медицина саласының ардагерлері тұратын баспана құлағалы тұр

Атырауда медицина саласының ардагерлері тұратын баспана құлағалы тұр

Атырауда апатты жағдайдағы жатақхана тұрғындары шу шығарды. Себебі медицина саласының ардагерлері тұратын ғимарат құлағалы тұр. Сондықтан жергілікті билік бірнеше жыл бұрын мұндағы жұртты басқа жаққа көшіреміз деп уәде берген екен. Бірақ сол уәде әлі орындалмаған. Кезінде ақхалаттыларға берілген жатақхананың қазіргі күйі адам шошырлық. 

Бұл жатақхана 1990 жылы медицина саласы мамандарына берілген. Қазір ғимараттың тоз-тозы шыққан. Жертөлесі суға лық толы. Қолқаны қабатын сасық иіс қысы-жазы кетпейді» дейді тұрғындар. 

Мәрзия Қабдулова, зейнеткер:

— Осы медицина саласында 46 жыл жұмыс істеп, осы үйді берген. Қазіргі жағдайы өте нашар. Қаншама бала уланып қалды, қаншама адам зардап шегіп жатыр. Оған қарап жатқан ешкім жоқ. Сондықтан әкімдіктен жақсы бір үйден үй беруін талап етеміз. Еш жағдай жоқ, ішіне кіріп қарауларыңызға болады. Қабырғалары құлап жатыр. 

Балым Садығұлова, зейнеткер:

— Мен қырық жыл медицина саласының ыстығына да суғынына да көніп жұмыс жасаған адаммын. Қазір зейнеткермін. Осында тұратын көбі дәрігер. Жағдаймыздың осындай мүшкіл болғанына байланысты біз жаңа орын сұрап барлық жерге де бардық. Уәделеріне тұрған жоқ.

Азып-тозған жатақхананы паналап отырғандардың сөзінше шенеуніктер жыл сайын уәде етеді екен. Апаттық деп танылғанына да біраз жыл болған. 13 шаршы метрлік қуықтай бір бөлмені бір отбасы паналап отыр. Төрт бөлмеге ортақ бір дәретхана. Жуынатын жерлері де жоқ. 

Мұндағы тұрғындар үреймен өмір сүріп жатыр. Тоқ желілері түгелдей істен шыққан. Дәл осы пәтерден өрт шығып, қазір төртінші, бесінші қабаттағы 8 отбасы баспанасыз қаңғып қалған. 

Сұлтан Өтепбергеннің осыдан бір ай бұрын жатахқанадағы бөлмесі өртенген. Он екі жасар қызымен жалында қалып, екеуін де күйік 

Сұлтан Өтепберген:

— Осы 31 шілдеде лезде өрт шығып, үйім , жинаған дүние-мүлкім, құжатым, ақшам бәрі жанып кетті. Сол өрттің ішінде қызым екеуміз қалып қойдық. Өзім ауруханаға түсіп, қызым беті-аузы күйіп қалып зардап шекті. 

Ал шенеуніктер жатақхана тұрғындарына бере салатын дайын үй жоқ дейді. Жаңа баспаналар салынып бітсе, көшіруді бастаймыз деп отыр. Алайда бірнеше жылдан бері тұралап тұрған жаңа баспаналардың құрылысы қашан аяқталатынын айта алмады. 

Мереке Зинуллин, Атырау қалалық ТКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

— Қазіргі таңда бізде Талқайран, Береке ықшамаудандарында үй құрылысы жүріп жатыр. Осы жылдың аяғына дейін бітіру жоспарланып отыр. Сол жоспарға сәйкес тұрғын үйлер аяқталған уақытта бұл банағы Владимирский 99 мекен-жайы бойынша орналасқан үйдің тұрғындарын сол мезгілде көшіру жоспарланып отыр.

Оған дейін медицина саласының майталмандары қыста жылуы, жазда жарығы жоқ жатақхананы паналауға мәжбүр. Себебі: зейнеткерлердің басқа барар жері жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде