{metadescription}
JUZ40 білім беру орталығы биыл 140 балға қол жеткізді
JUZ40 білім беру орталығы биыл 140 балға қол жеткізді

JUZ40 білім беру орталығы биыл 140 балға қол жеткізді

Межелеген асу алынды. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындайтын JUZ40 білім беру орталығы биыл 140 балға қол жеткізді. Осы курста екі жыл бойы оқыған талапкер тестілеуде бірде бір сұрақтан жаңылмаған. Орталықта бұдан өзге де рекорсмендер көп. Биылғы жоғары нәтижені JUZ40 курсы дүркіретіп атап өтті. 

Бұл Алматыда ұйымдастырылған JUZ40 орталығының түлектер кеші. Курс 10 және 11 сынып оқушыларын ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындайды. Алматы мен Астанада офлайн форматта жұмыс істесе, өзге қалалардағы оқушыларды сынаққа онлайн түрде дайындайды. Түлектер кешіне еліміздің түкпір-түкпірінен ең жоғары нәтиже көрсеткен жастар жиналған. 
Жұлдызай Мұсаева, JUZ40 білім беру орталығының негізін қалаушы:

– Бізде барлық рекордсмендер оқиды. Осы жылы біз 140 балл иегерін шығардық. 139,138 деген сияқты. 13 таңдау пәнінің он рекорд жасаған оқушысы бізден шықты. Қазақстан бойынша 700-ге жуық 130 жинаған оқушы болса, соның тең жартысы біздің курста оқыды.

Жұлдызай Мұсаева JUZ40 орталығын алты жыл бұрын ашқан. Сол кезде курсқа 20 бала қатысса, былтыр олардың саны 40 мыңға жуық. Ұжым 140 балды бес жыл бойы армандаған. Бірақ ылғи 138 не 139 балмен шектеліп, межеге 1-2 ұпай жетпей жүрген. Міне, биыл 140 балл алынды. Бірде-бір сұрақтан жаңылмаған жігіт бұл орталықта екі жыл оқыған.

Жаннұр Еңсебек, JUZ40 білім беру орталығының түлегі:

– Мені 10-сыныптан бастап таңдау пәндерінен дайындады. Кейін мен 11 сыныпта барлық пән бойынша осы 140 арқылы дайындалдым. Олар мені мұқияттылыққа және тәртіпке үйретті.

Жоғары нәтиже көрсеткен ұл-қыздар түлектер кешінде арнайы марапатқа ие болды. Оларға орталықтың төбелгісімен қатар, бағалы сыйлықтар табысталды. Тіпті, шетелге жолдама ұтып алғандары да бар. Шараға еліміздің танымал әншілері де шақырылған. 

Арсен Сағидуллин, JUZ40 білім беру орталығының PR-директоры:

– Оқу ол бір жастардың арасында жеккөрінішті бір тапты орынға айналып кеткен, жағымсыз нәрсеге, соны бір оқудың бір пайдасы, оқу арқылы осындай нәрсеге қол жеткізуге болатынын түсіндіру.

Білім орталығы жаңа оқу жылында 60 мың баланы тестілеуге дайындаймыз деп отыр. Биылғы 140 балл иегері де осында өз тәжірибесімен бөліспек. Ұжым келер жылы бұдан да көп рекордтар орнатамыз деген сенімде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.