{metadescription}
Ақтөбе облысы: Бүкіл бір отбасы жол апатынан көз жұмды
Ақтөбе облысы: Бүкіл бір отбасы жол апатынан көз жұмды

Ақтөбе облысы: Бүкіл бір отбасы жол апатынан көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апатынан бүтін бір отбасы көз жұмды. Аман қалған жүргізуші жансақтау бөлімінде жатыр.

Апат Қобда ауданындағы Әлия ауылының маңында болды. Фольксваген тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Мерседес жүк көлігімен соқтығысқан. Салонда жүргізушінің анасы мен өгей әкесі, ағасының екі баласы мен туған бауыры болыпты. Олар сол жерде қаза тапты. Ал ауыр жараланған бес жасар бала дереу ауруханаға жеткізілгенімен, оны да аман алып қалу мүмкін болмады.

Оқиға болған Самара-Шымкент тас жолында жол апаты азаймай тұр. Жыл басынан бері апаттан 97 адам қаза тапса, осы айдың өзінде 17 адам жолда жазым болған. 

Айдос Құлжанов, Ақтөбе облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:

Жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Бес жолаушы қайтыс болды. Үшеуі кәмелетке толмаған балалар. Барлығы тумалар болып келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде