{metadescription}
Атырауда үш жасөспірім суға кетті
Атырауда үш жасөспірім суға кетті

Атырауда үш жасөспірім суға кетті

Атырауда үш жасөспірім суға батып кетті. Оқиға кеше кешкісін қаладағы Береке ықшамауданында болған.

Жайыққа ағып кеткен 15-16 жас аралығындағы үш баланың екеуінің денесін құтқарушылар бірден тапты. Ал үшіншісінің денесі бүгін таңертең судан шығарылды. Жабайы жағалауға шомылуға келген бозбалалардың өзенге қалай батып кеткені туралы нақты ақпарат жоқ. Бірақ бірін-бірі құтқарамыз деп тұңғиыққа кетуі мүмкін дейді төтеншеліктер.

Биыл жазда Жайыққа сегіз бала батып кетті. Оның ішінде бір отбасының балалары да бар. Осындай оқыс оқиға жиілегендіктен, құтқарушылар Жайық бойында рейд ұйымдастыруда. Соған қарамастан, ескертулер елеусіз қалып, қайғылы жағдай тыйылмай тұр.

Бақыт Абланов, Атырау облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

Төтенше жағдай департаменті полиция қызметкерлерімен бірге 80-ге жуық маман бірігіп, Жайық бойында жиі рейд өткіземіз. Қауіпті аймақтарға арнайы пост қойдық. Қаншама ескертілгенімен, үлкен-кіші назар аудармай тұр. Кешегі жағдайда балалар бірін-бірі құтқармақшы болған. Өкінішке қарай, үшеуі бірдей суға кетті. Ата-аналарға балаларын суға жібермей, қадағалауын сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде