{metadescription}
Президент сырттан спортшы алдырып, бас-басына азаматтық беруге тыйым салды
Президент сырттан спортшы алдырып, бас-басына азаматтық беруге тыйым салды

Президент сырттан спортшы алдырып, бас-басына азаматтық беруге тыйым салды

«Легионерден пайда жоқ». XXXIII Жазғы олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесуінде президент сырттан спортшы алдырып, олардың бас-басына азаматтық беруге тыйым салды. Санға емес, таза сапаға жұмыс істейтін кез әлдеқашан келгенін мемлекет басшысы қадап айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Респубикасының президенті:

Кез келген легионер ұлттық құрамаға шақырту алғысы келетін жас әрі болашағынан көп үміт күттіретін атлеттеріміздің жолын кеседі. Одан гөрі қазір бізде дамуы кенжелеп тұрған спорт түрлеріне мықты шетелдік бапкерлерді тарту мүмкіндігін қарастырған жөн. Легионер-спортшылардың жетістігі бүгін мерейіңді өсіргенмен, ертең абыройыңды асқақтатпайды. Бұл жерде кәсіби бапкерге басымдық берген жөн.

Президент соңғы бес жылға көз жүгіртсек, үлкен спортқа бөлінген ақша шаш-етектен, ал көрсеткен нәтижеміз соған татымайды деп, саланың тізгінін ұстағандарды сынға алды. Қолда бар мамандарды бағалауда да кенже қалып жатқан тұстарымыз бар. Өз елінде қолдау таппай, талантты бапкерлеріміз шетел асып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев соның бірі Тунис елінің таэквондодан бас бапкері Есбол Сұлтановтың мысалға келтіріп, еске салды. Қазақ жігітінің бастауымен Олимпиада төрінде Тунис ұрамасы екі медаль жеңіп алды, оның біреуі алтын. Салада қордаланған мәселелерді ортаға салғаннан кейін, Ақордаға жиналған жеңімпаздар президент қолынан өз марапат алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Респубикасының президенті:

Олимпиада резервін дайындайтын мектеп-интернаттар мен колледждерге жан-жақты қолдау көрсету қажет. Мұндай оқу орындары барлық аймақта болуы қажет. Алматыда олимпиадалық даярлық базасы салынды. Бұл біздің спортшыларымыздың жоғары деңгейде жаттығуына зор мүмкіндік береді. Қазір Астанада Ұлттық спорт университеті салынып жатыр. Оқу орны спорттық білім берумен шектелмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде