{metadescription}
Инфляция бәсеңдеп, ішкі жалпы өнім бес пайызға өседі
Инфляция бәсеңдеп, ішкі жалпы өнім бес пайызға өседі

Инфляция бәсеңдеп, ішкі жалпы өнім бес пайызға өседі

Қазақстанда қымбатшылық қарқыны төмендейді. Мұндай оптимистік болжамды бүгін Үкімет отырысында Ұлтық экономика министрі жасады. Нұрлан Байбазаровтың сөзінше, келер жылы инфляция деңгейі бәсеңдеп, ішкі жалпы өнім 5 пайызға өседі.

Нұрлан Байбазаров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

2025 жылы инфляция деңгейі 5,5-7,5%, 2026 жылы 5-6% деңгейінде айқындалды. 2027-2029 жылдары 5%-ға дейін төмендейді.

Осыған дейін президент 2029 жылға қарай ішкі жалпы өнім көрсеткішін екі есеге көтеруді міндеттен. Үкімет экономикадағы өсім қарқынымызбен бұл межені де бағындырамыз деп отыр. Болашақ болжамы отпимизмге толы болғанымен, бұдан бюджет тапшылығы төмендемейді екен. Сондықтан Министрлер кабинеті Ұлттық қордан тағы 2 триллион теңге алмақшы.

Мәди Тәкиев, ҚР Қаржы министрі:

Келесі жылы Ұлттық қордан 2 трлн теңге сомасында кепілдендірілген трансферт тарту жоспарланып отыр. Бюджет тапшылығы, 2025 жылы жалпы ішкі өнімге 2,7% деңгейінде, ал 2027 жылға қарай жалпы ішкі өнімге 1,9%-ға дейін төмендеу болжануда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде