{metadescription}
Петропавл: Бес ай жөнделіп жатқан орталық кәріз құбыры жарылды
Петропавл: Бес ай жөнделіп жатқан орталық кәріз құбыры жарылды

Петропавл: Бес ай жөнделіп жатқан орталық кәріз құбыры жарылды

Петропавлда бес ай бойы жөнделіп жатқан орталық кәріз құбыры жарылды. Лас су тұрғын үйлердің жертөлесін басып, көшеге жайылды.

Валентина Мельникова:

Бір айдың ішінде осымен екінші рет болып тұр. Ешкім елең қылмайды. Келіп, сорғызу керек еді. Ешкім жоқ. Су 85 сантиметрге дейін көтерілді. Өткен жолы бір жарым метрге дейін жеткен.

Кәріз құбыры түн ортасында жарылған. Атылған лас судың қарқынды болғаны соншалық, бірнеше орталық көшені ілезде басып қалған. Таңға дейін жарылған құбыр жамалды. Бірақ сасық су көпқабатты үйлердің жертөлесіне толып қалған. Тұрғындарға негізгі коллектордағы апат үйреншікті жайға айналған. Жарты ғасырдан бері қолданыстағы құбыр әбден тозыпты. Оны толық ауыстыру үшін қалада жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жариялауға тура келді. Шенеуніктер жөндеудің қашан аяқталатынын айта алмаймыз дейді. Жаңа құбырларды орталық көшелердің үстінен тартып жатыр. Ал ескі коллектор бұрынғыша әлі жұмыс істеп тұр. Мамандар оның жиі істен шығуына тұрғындардың салғырттығы себеп дейді.

Андрей Фомиченко, «Қызылжар су» ЖШС бас инженері:

Коллектор шүберектер, қоқысқа бітеліп қалған. Кептеліп қалған. Сондықтан компания тұғындардан коллекторды жөндеу кезінде немесе басқа да уақытта кәріз жүйесіне қоқыс тастамауын өтініп сұрайды. Өздігінен шіріп кете қоймайтын заттар түскен соң, бұл проблема қайталана береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде