{metadescription}
«400 мың вейп жойылды». Электронды темекі өндірген астыртын цех анықталды
«400 мың вейп жойылды». Электронды темекі өндірген астыртын цех анықталды

«400 мың вейп жойылды». Электронды темекі өндірген астыртын цех анықталды

400 мың вейп жойылды. Астанада электронды темекі өндірумен айналысатын ірі астыртын цех анықталды. Онда вейпке арналған хош иісті сұйықтық қолдан жасалып, бүкіл елге сатуға жіберіліп отырған.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

Астыртын цехтың өндірістік қуаттылығы ай сайын 7 мыңнан 10 мыңға дейін электронды құрылғыны құрады. Қолдан жасалған барлық өнім республика бойынша вейпшоптарға таратылып отырған. Сот үкімімен аталған азамат сотталды. Вейптардың барлық партиясы мен өндіріс жабдықтары жойылды.

Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері астыртын цехтың өндіріс жабдықтарын балтамен ұрып бұзған. Ал қалған заттар түгел өртелді.

Айта кетейік, биыл 20 маусымнан бастап вейп сатуға, әкелуге және өндіруге заңмен тыйым салынған. Содан бері 22 мың электронды құрылғы заңсыз айналымнан шығарылған. Соңғы екі айдың өзінде вейп сату және сақтаудың 25 дерегі анықталыпты. Мамандар тұрғындардың денсаулығына зиян келтіретін акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымымен күресті бұдан әрі де жалғастырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде