{metadescription}
Алматыда жол ережесін бұзған 16 жастағы бозбала жауапқа тартылды
Алматыда жол ережесін бұзған 16 жастағы бозбала жауапқа тартылды

Алматыда жол ережесін бұзған 16 жастағы бозбала жауапқа тартылды

Қымбат көлік тізгіндеп үлкен даңғыл бойында білгенін істеген. Алматыда жол ережесін өрескел бұзған 16 жастағы бозбала жауапқа тартылды. Жүргізуші куәлігі жоқ әрі кәмелетке толмаған жігіт Mercedes-Benz көлігімен жолдың қарсы бағытымен жүйткіген.

Ережені елемеген бозбала түн ортасында алдымен Сейфуллин көшесінде жоғары жылдамдықпен жүріпті. Кейін қарсы бағытқа шығып, жолдағы өзге жүргізушілерге кедергі келтірген. Аталған жәйтті полицейлер әлеуметтік желіні бақылау кезінде анықтады. 16 жастағы жігітке айыппұл салынып, баланың анасы да әкімшілік жауапқа тартылды. Ал көлік айып тұрағына қойылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде