{metadescription}
Ақтөбеде көпқабатты үйді мембағдарлама бойынша жөндете алмай отыр
Ақтөбеде көпқабатты үйді мембағдарлама бойынша жөндете алмай отыр

Ақтөбеде көпқабатты үйді мембағдарлама бойынша жөндете алмай отыр

Ақтөбеде тұрғындар көпқабатты үйін неше жылдан бері мемлекеттік бағдарлама бойынша жөндете алмай отыр. Термо-жаңғырту жобасына енгізіп, республикалық бюджеттен қаржы бөлуге шешім де шығарылған. Бірақ, неге екені белгісіз, министрліктегілер ақша бермеген. Төбесі тесіліп, инженерлік жүйесі шіріген үйде «қашанғы шыдап отырамыз» деп, тұрғындар ашулы.

Қаланың қақ ортасындағы бес қабатты үйлердің салынғанына жарты ғасырдан асқан. Ескі ғимараттың шатырын тұрғындар жыл сайын жамап шаршаған. Электр сымдарынан бастап, жылу құбырларына дейін шіріп кеткен.

Амангүл Отарбаева:

Шатырының бәрі тесік. Бесінші қабатқа дейін су кетіп тұр. Қабырға бойымен су кетіп жатыр. Электр желісі де тозған. Шыны керек, қорқып отырмыз. Қай күні өртеніп кетеміз, қай күні суға кетіп қаламыз деп.

Үш жыл бұрын терможаңғырту бағдарламасына қатысуға құжат жинап, оны әкімдік мақұлдаған. «Биыл басталады» деген жөндеу тағы кейінге шегеріліпті. Республикалық бюджеттен ақша бермей қойған. «Енді күнара жаарық сөніп, қыста құбырымыз қатып тағы бүрсеңдеп жүреміз бе» деп алаңдайды. 

Анжелика Досанова:

Үйдің жағдайы мүшкіл.Шатырдан су кетеді. Шатырдың плиталары үгітіліп жатыр. Бір күні басымызға түседі. Қыста өте суық. Жертөледе құбырлар шіріп жатыр. Модернизацияға үйіміз өтіп тұр. Міне, ақша бөлінеді деді. Әлі жоқ. Құр уәдеден басқа шаруа бітіп жатқан жоқ.  

Жергілікті шенеуніктер «қаражат бөлінсе, бәрін қатырамыз» деп, алақанын ысқылап отыр. «Тіпті қара күзге қарамай кірісер едік» дейді.

Ақнұр Қазбаева, Ақтөбе тұрғын үй инспекциясының басшысы:

Республикалық бюджеттен қаражат күтіп отырмыз. Қаражат бөлінген жағдайда осы үйді жөндейміз. Орнықты мәселе болып тұрған ол жертөледегі инженерлік желілердің нашар жағдайда екендігі. Егер қаражат бөлген жағдайда осы жұмыс бірінші кезекте істеледі.

Ақтөбе көпқабатты 10 үй термо‑жаңғырту бағдарламасына кіріп тұр. Оған 774 миллион қаржы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде