{metadescription}
Көшпенділер ойындары қарсаңында мерейтойлық пошта маркасы жарыққа шықты
Көшпенділер ойындары қарсаңында мерейтойлық пошта маркасы жарыққа шықты

Көшпенділер ойындары қарсаңында мерейтойлық пошта маркасы жарыққа шықты

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында мерейтойлық пошта маркасы жарыққа шықты. Жаңа таңбаны мөрлеу рәсімі елордадағы Қазанат ипподромында өтті.

Наиль Нұров, Дүниежүзілік көшпенділер ойыны дирекциясының басшысы:

Бүгінгі мерейтойлық марканы рәсімдеу сәті бізге өте маңызды. Өткізілгелі отырған Көшпенділер ойындарының да мазмұны мен маңызын арттыра түспек. Жалпы тарихымызды, көшпенді халықтың мәдени дәстүрін кейінгі ұрпаққа жеткізуде жасалып жатқан қадам деп есептеймін.

Маркада бүркітші бейнеленген. Ал таңбаның орталық элементі көшпенділер философиясындағы уақыт пен кеңістікті бейнелейтін гофрленген шеңбер. Жаңа шығарылған марканы қолданысқа енгізу үшін оған арнайы мөр басылды. Енді байланыс бөлімшесіне барып, хат, сәлемдеме жолдау үшін мерейтойлық марканы 500 теңгеге сатып алуға болады.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Онда спорттың 21 түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ.

Шағын ғана мерейтойлық пошта маркасы да дүниежүзінің назарын аударғалы отырған шараның бір белгісі.

Болат Бұхарбай, «Қазпошта» АҚ баспасөз хатшысы:

Мерейтой маркасын шығару бізге үлкен мәртебе. Негізі пошта маркасы әлем бойынша хобби ретінде екінші орында. Марка бес мың дана ғана, яғни саны шектеулі. Және 5 жылдан кейін, 10 жылдан кейін, 50 жылдан кейін бұл үлкен сұранысқа ие болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде