{metadescription}
Балқашта бизнес нысанының құрылысынан жапсарлас үйдің қабырғасы қақыраған
Балқашта бизнес нысанының құрылысынан жапсарлас үйдің қабырғасы қақыраған

Балқашта бизнес нысанының құрылысынан жапсарлас үйдің қабырғасы қақыраған

Балқашта бір кәсіпкер бүтін бір көпқабатты үйдің тұрғындарын зәрезап қылды. Ғимаратқа жапсарлас бизнес нысанының құрылысы басталғалы бері ескі үйдің қабырғасы қақырай бастаған. Мұны тексеріс жүргізген сәулет құрылыс бөлімі мамандары да растап отыр. Тіпті ғимаратқа зияны тиген құрылысты тоқтату туралы ұйғарым да шығарыпты. Соған қарамастан құрылыс қарқынды жүріп жатыр. 

1938 жылы салынған бұл үйді 40 отбасы паналайды. Тұрғындар 2017 жылы кәсіпкер қол жинағанын айтады. Бірақ ол үйдің жанында балмұздақ сататын дүңгіршек орнатамын депті. Бірақ қазіргісі дүңгіршек емес, толыққанды ғимарат болайын деп тұр. Қазір үйдің іргесінде құрылыс басталып, бағаналар орнатыла бастаған. Жұмыс барысында ескі үйдің іргетасын талқандап тастаған. Соның салдарынан үйдің қабырғасы сөгіліп барады дейді. Тұрғындардың арызы бойынша сәулет құрылыс бөлімі тексеріс жүргізген. Тіпті мұндай құрылысты дереу тоқтату керек деген ұйғарым да шығарыпты. Бірақ олардың сөзіне кәсіпкер құлақ аспаған. Сондықтан мәселені сотта шешпек. Алайда тұрғындар сот ісі созылып жатқанда баспананы қиратып аламыз ба деп қорқады. Ал кәсіпкер рұқсат құжаттарым түгел деп отыр. 

Мәдина Күлшекова, кәсіпкер:

Бұл жерді біз 2017 жылы өз иелігімізге рәсімдегенбіз. Сол кезде мен әр тұрғыннан қол жинадым. Сонда барлығы 100 пайыз келісімдерін берген еді. Қазір оны мойындамай отыр. Мен олардың сотқа шағымын тосып отырмын. Сотта кездесеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.