{metadescription}
Шымкентте арақ-шарап шығарған жасырын цех анықталды
Шымкентте арақ-шарап шығарған жасырын цех анықталды

Шымкентте арақ-шарап шығарған жасырын цех анықталды

Шымкентте тонналап заңсыз арақ-шарап шығарған жасырын цех анықталды. Өз үйінде алкоголь өнімдерін қолдан құйған тұрғынды полицейлер қолға түсірді.

Үйінің жертөлесін цехқа айналдырған пысықай тек қана қымбат арақтарды қолдан жасапты. Су мен спиртті үлкен бөшкелерге араластырып оны жеті түрлі қымбат арақтың атауы жазылған шөлмектерге құйған. Осылайша бір өзі 73 мың дана арақты дайындап қойған. 26 жастағы күдіктінің өзі бұл шаруамен тек бір аптадан бері ғана айналысқанын және дүкендерге жеткізіп үлгермегенін айтқан. Оның сөзі қазір тексеріліп жатыр. Ал сапасыз спирттік өнімдер мен арақ шығаруға арналған жабдықтар тәркіленді.

Мейіржан Исабеков, Шымкент әділет департаменті басшысының орынбасары:

Жалпы алғанда 42500 бірлік және 3 мың литр спирттік ішімдіктерге құюға арналған сұйық заттар, дәлелдемелер тәркіленді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 158 бабы, яғни «тауар белгілерін заңсыз пайдалану» бойынша тиісті әкімшілік хаттама толтырылып, қазір сотқа жолданды. Әділет органдары аталған бағыт бойынша тиісті шараларды жалғастырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде