{metadescription}
Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама Көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр
Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама Көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр

Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама Көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр

Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама алдағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қызу дайындық үстінде. Сайдың тасындай іріктелген спортшылар қорытынды оқу-жаттығу жиынын Астанадағы Назарбаев университетінің алаңында өткізіп жатыр. Ұлттық құрама мүшелері соңғы дайындығын пысықтап, алдағы жоспары туралы бөлісті.

Айнұр Жақыпбаева, тоғызқұмалақтан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы:

Басты қарсыластарға тоқталатын болсақ, тоғызқұмалақтан Қырғызстан, Моңғолия, сосын соңғы жылдары әлем чемпионатында өте жақсы ойын көрсетіп, жүлделі орында табылып жүрген Колумбия мемлекетін атап өтуге болады.

Бүгінгі таңда тоғызқұмалақтан өтетін дүбірлі жарысқа әлемнің 50-ден астам мемлекеті ниет білдірген. Сондай-ақ ұлттық спорттан бөлек түріктің Мангаласы мен африкалықтардың ұлттық ойыны саналатын Овари де байрақты бәсекенің көркін қыздырмақ. Әр спорт түріне төрт төрттен ұлттық құраманың мүшесі қатысып, ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, аталған зияткерлік ойындар 8-13 қыркүйек аралығында «Думан» қонақ үйінде өтеді деп жоспарланған. Бүгін асық ату, бес асық және және қырғыздың ұлттық ойыны ордодан құрама мүшелерінің қатысуымен ашық жаттығу өтті.

Алдағы жауапты сында аталған спорт түрлерінен Қазақстан атынан барлығы 16 мерген бақ сынайды. Бапкерлер алқасы халықаралық аренада өздерінінің мықтылығын дәлелдеп жүрген спорт шеберлерінің асығы алшысынан түсетініне сенімді.

Жалпы соңғы бесінші оқу-жаттығу жиыны 7 қыркүйекке дейін созылып, артынша көптен күткен көшпенділер ойындары бастауын алады. Жоспарға сәйкес, мергендік пен ептілікті қажет ететін ойындар жарыс күндері «Алау» мұз айдыны орталығында өтеді.

Алмас Қарабаев, асық атудан ұлттық құрама командасының капитаны:

Асық атудан бірінші орын деп отырмыз. Бес асықтан да бірінші орын деп отырмыз. Қырғыздардың ұлттық ойынын бірге көреміз. Сондай ниетіміз бар. Біздікінде қойдың асығымен ойнасақ, бұл жерде сиырдың асығымен ойнайды. Ол ірі асық болғаннан кейін, бізге ыңғайсыз болады, бала кезден ойнамадық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде