{metadescription}
«Астарлы ақиқат»: Жаңа маусым, жаңа жүргізуші, жаңа студия
«Астарлы ақиқат»: Жаңа маусым, жаңа жүргізуші, жаңа студия

«Астарлы ақиқат»: Жаңа маусым, жаңа жүргізуші, жаңа студия

Жаңа маусым, жаңа жүргізуші, жаңа студия! Көрермен көзайымына айналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы эфирге қайта оралды.

Талай жанға жұбаныш болған «Астарлы ақиқат» енді жаңа форматқа көшті. Ток-шоу бұрынғы тақырыптардан ауытқып, позитивті эмоция сыйлайтын мәселелерді көтермек.

Жаңа маусымда тұрақты сарапшылар да пайда болды. Олар екі тараптан, яғни жастар мен үлкен жастағы мамандар арасынан шақырылған. Жаңа жүргізушімен шығатын «Астарлы ақиқатты» көрермендер алдағы дүйсенбіден бастап КТК арнасынан тамашалай алады.

Жанерке Сейфуллина, «Астарлы ақиқат» бағдарламасының тұрақты сарапшысы:

 Жалпы маған жаңа жүргізуші ұнады. Өйткені өзінің мол тәжірибесімен, кәсібилігімен, кәдімгідей, әрбір келген қонақты ашып, анық-қанығына барып, ақиқатын көрсетіп жатыр. Жаңа «Астарлы ақиқат» бұрынғығысына қарағанда өзгеше. Яғни агрессиядан эмпатияға өткен. Сондай-ақ қарапайым халықтың шындығын жеткізіп, әділдігін айтып, ақиқатын ашуға көмектесетін осындай бағдарламаны жасай беру керек деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде