{metadescription}
Павлодар: Қаршадай қызын ұрған әке айыппұл төлеп, есепке алынды
Павлодар: Қаршадай қызын ұрған әке айыппұл төлеп, есепке алынды

Павлодар: Қаршадай қызын ұрған әке айыппұл төлеп, есепке алынды

Павлодарда жеті жастағы қызына қол көтерген әке жазаланды. Дүйім жұрттың наразылығын тудырған оқиға бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Онда 53 жастағы ер адамның қаршадай қызын ұялы телефонмен ұрып жатқаны анық көрінеді.

Бүлдіршіннің анасы күйеуіне қарсы арыз жазудан бас тартқан. Соған қарамастан, жұдырығы жуан әкеге қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, оның құқығы мен мүддесін қорғау міндетін орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалып, сотқа тартылды. Баласын күшпен тәрбиелемек болған әке енді айыппұл төлейді. Қызына қол көтерген азаматты көршілері көріп, полиция шақыртқан. Қатыгез әке профилактикалық есепке алынып, енді қамқоршы органның жіті назарында болады.

Агидель Ибраева, Павлодар облысы сотының баспасөз хатшысы:

Сот іс материалдарын жан-жақты зерттей келе, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 127-б, 1-б көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 25 844 теңге айыппұл тағайындады. Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде