{metadescription}
Best of ASCO Kazakhstan-2024: Жылда 13 мыңдай адам қатерлі ісіктен көз жұмса, көбі — ер-азамат
Best of ASCO Kazakhstan-2024: Жылда 13 мыңдай адам қатерлі ісіктен көз жұмса, көбі — ер-азамат

Best of ASCO Kazakhstan-2024: Жылда 13 мыңдай адам қатерлі ісіктен көз жұмса, көбі — ер-азамат

Аурудың көбі ер-азаматтар арасында. Жыл сайын елімізде 13 мыңдай адам қатерлі ісіктен көз жұмса, соның көбі — ерлер. Маңғыстау, Қызылорда, Абай, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласында өлім-жітім артқан.

Марат Шоранов, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры:

Қазақстанның статистикасында жыл сайын 13 мыңнан астам адамға онкология диагнозы қойылады. Жалпы әлем бойынша 10 млннан астам адам жыл сайын онкологиядан  көз жұмады. Сондықтан да бұл тек Қазақстанға маңызды емес, жалпы бүкіл әлемде маңызды мәселе.

Жылына 40 мыңнан астам тұрғыннан онкология дерті анықталады. Оның 5 мыңы сүт безі, 4 мыңға жуығы өкпе обыры.

Алматыда Best of ASCO Kazakhstan-2024 онкологтар саммитіне жиналғандар онкологияның алдын алу жолдарын іздеді. Саммитке түрлі елден мамандар қатысты. Халықаралық және отандық сарапшылар аты жаман ауруды емдеудің диагностикасының жаңа тәсілдерін талқылады. Сондай-ақ науқастардың өмірін ұзартуға септігін тигізетін медициналық препараттарды да таныстырды. Өкінішке қарай, соңғы кезде бұл ауру жас талғамай барады. Бұрын егде жастағы адамдар обырға шалдықса, қазір 18-ден асқандардың арасында да жиі кездеседі екен.

Диляра Қайдарова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы:

Биыл әлемнің екі елінде осы Best of ASCO конференциясы өткізіліп жатыр. Бірі Қазақстанда, екіншісі Бостонда. Шара америкалық онкологтар қауымдастығының қолдауымен өтіп жатыр. Конференция 13 секцияға бөлінеді. Қатерлі ісікті емдеудің жаңа тәсілдері туралы кеңірек талқынады. Тәжірибелі дәрігерлер, студенттер, резиденттер бір-бірімен танысып, ақпаратпен алмасып, түрлі тәжірибе жинайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде