{metadescription}
Алаяқтық: Семейде Ресей азаматы жалдаған пәтерін байланыс орталығына айналдырған
Алаяқтық: Семейде Ресей азаматы жалдаған пәтерін байланыс орталығына айналдырған

Алаяқтық: Семейде Ресей азаматы жалдаған пәтерін байланыс орталығына айналдырған

Семейде алаяқтықпен айналысқан Ресей азаматы ұсталды. 22 жастағы жігіт шаһардан пәтер жалдап, оны байланыс орталығына айналдырған.

Көрші елдің азаматы қалаға телефон алаяқтығымен айналысу үшін арнайы келген. Ол тұрғындарға қоңырау шалып, өзін банк немесе полиция қызметкері ретінде таныстырып талайды тақырға отырғызған. Жалдамалы пәтерін тінткен кезде 281 SIM карта, екі ұялы телефон және арнайы құрылғы тәркіленді.  Қазір күдікті абақтыға қамалып, сотқа дейінгі тергеу ижүргізіліп жатыр. Оның телефон арқылы қанша қаржы ұрлағаны да анықталып жатыр.

Дәулет Ақылбеков, Абай облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы:

Ұялы байланыстан абоненттің құрылғысының сәйкестендіру кодын, абонентті сәйкестендіру құрылғысын заңсыз өзгерту және абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарлама жасау, пайдалану, тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктінің әрекетінен зардап шеккен адамдар анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде