{metadescription}
Шымкентте бизнес нысандар орналасқан үйден жыл сайын өрт шығады
Шымкентте бизнес нысандар орналасқан үйден жыл сайын өрт шығады

Шымкентте бизнес нысандар орналасқан үйден жыл сайын өрт шығады

Шымкентте көпқабатты үйдің электр желісінен өрт шығып, бір подъезд өртеніп кетті. Кеше кешкісін болған апатта бір тұрғын уланып ауруханаға түскен. Өртке осы үйде орналасқан бизнес нысандарының көп болуы себеп дейді тұрғындар.

Жанна Бәйдібекова:

Бірінші қабаттың бәрі бизнес нысаны. Өрт шығып жатқанына биыл үшінші жыл. Алдыңғы жылы дүкеннен өрт шықты, төбесі өртенді. Жазда, тура осы уақытта үйдің артындағы «Али Донер» мен ломбардтан өрт шыққан. Биыл тағы өртеніп жатыр. Жыл сайын өрт шығады. Бұл бизнес нысандарынан бізге тыныштық жоқ. Қалай тнш ұйықтаймыз?!

Күні кеше ғана төменгі қабатта орналасқан сұлулық салоны подъездегі жарық жүйесіне қосылған екен. Арада бірнеше сағат өткенде әр қабаттағы электр құрылғылар жана бастаған. Қашып шыққан тұрғындар содан бері «тұтас үй жарықсыз қалды» дейді. Электр кернеуі тұрақсыз болғандықтан, тұрмыстық техникалар да жиі істен шығады екен.

Тұрғындар екі жылдан бері түрлі мекемелерге арыз жазудан шаршаған. Бірақ бизнес нысандарды «тексеретін ешкім жоқ» деп отыр. Бұл жолы да апаттан кейін келген мамандар бизнес нысандардың электр сымы ережеге сай қосылған-қосылмағанын айта алмады. Өрт орнына келген жауаптылар сұрақты ести сала, бұрылып кетті.

Досымжан Сиқымбаев, әл-Фараби аудандық электр желілерінің бас технигі:

Анықтап жатырмыз ғой.

Былтыр да өрт шыққан екен. Сол анықталды ма?

Қай жерде? Арғы подъезде ме?

Екі күн бұрын

Ой, қойшы, айта бермей...

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде