{metadescription}
Конституция күні — барлық салада азаматтар құқығына басымдық берілген күн
Конституция күні — барлық салада азаматтар құқығына басымдық берілген күн

Конституция күні — барлық салада азаматтар құқығына басымдық берілген күн

Ертең — Конституция күні. Еліміздің бас құжаты — Тәуелсіз мемлекетіміздің Ата заңы қабылданған күн. Мемлекет тұтастығы, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, азаматтар құқығының сақталуы, демократиялық құндылықтардың барлығы осы заңның аясына топтасқан.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтіп, Қазақстанның жаңа Ата Заңы қабылданған болатын. Бұл Конституцияның 1993 жылғыдан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. Сот органдарын, Жоғарғы конституциялық және Жоғары арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені атап өтілді. Бастысы барлық салада азаматтар құқығына басымдық берілді.

Марат Башимов, Мәжіліс депутаты:

Жай ғана партиялар емес, әр азаматтың құқығы бар сайлауға, сайлануға деген құқық. Әкімдерді өздері сайлайды. Ол да өте маңызды. 45 аймақта, аудандарда солай сайланған. 2025 жылдан бастап барлық жерде сайланатын болады. Осындай өзгерістер Конституциямызды, Ата заңды демократиялық стандарттарға, халықаралық адам құқығы жөніндегі фактілеріне сәйкес келтірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде