{metadescription}
Қаскелеңде кино, сәулет, ЖИ, бейне ойын әзірлейтін мектеп ашылады
Қаскелеңде кино, сәулет, ЖИ, бейне ойын әзірлейтін мектеп ашылады

Қаскелеңде кино, сәулет, ЖИ, бейне ойын әзірлейтін мектеп ашылады

Алматы облысында кино, сәулет, жасанды интеллект, бейне ойындарды әзірлейтін мектеп ашылады. Бүгін осы оқу орталығының іргетасына уақыт капсуласын салу рәсімі өтті.

Жаңа оқу орны 20 мыңнан астам студентті қабылдайтын мүмкіндігі бар. Онда алты мың орындық жатақхана да қарастырылған. Қаскелең қаласы енді білім мекеніне айналмақ. Өйткені кампус шығармашылық орталықтың аумағына түсіпті. Білім ордасы жаңа мамандықтарды жаңғыртып қана қоймай, Орталық Азияда көшбасшысы болуға мүмкіндік береді. Кампустың жалпы инвестиция құны 100 миллион доллар шамасында.

Айта кетейік, Конституция күнімен тұспа-тұс келген салтанатты шараға білім беру ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен Нью-Йорк фильм академиясының мамандары жиналды.

Ақерке Абылайхан, ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары:

Бүгінде Алматы қаласында университет көп. Алматы энергетикалық университетінің осы қаланың шет жағында, мына Қаскелең қаласында жеке университет кампусын ашып, онымен қоса 6 мың студентке арналған жатақхана салуды министрлік қолдайды. Бұл студенттердің қарабалас қала өмірінен тыс, жеке студенттік, университет кампусының айналасында сапалы білім алуына жақсы жағдай жасайды деп сенеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде