{metadescription}
Атбасарда локомотив құрастыру зауыты салынады —  47 миллиард
Атбасарда локомотив құрастыру зауыты салынады —  47 миллиард

Атбасарда локомотив құрастыру зауыты салынады — 47 миллиард

Ақмола облысындағы Атбасар қаласында локомотив құрастыру зауыты салынатын болды. 47 миллиард теңгеге жоспарланған жаңа кәсіпорын — инвестициялық жоба. Құрылысы 2025 жылы басталатын зауыттың бүгін капсуласы салынды.

Мұндай инвестициялық ірі жоба үшін тоғыз жолдың торабында орналасқан Атбасар қаласы тегін таңдап алынбаған. Мұнда 80 жылдан бері локомотив жөндеу зауыты үздіксіз жұмыс істеп келеді. Сондықтан теміржол саласының кәсіби білікті мамандары шоғырланған,- дейді саналы ғұмырын машина жасау өнеркәсібіне арнаған ардагерлер.

Сайдыл Жаманбаев, еңбек ардагері:

42 жыл локомотив жөндеу зауытында жұмыстың түр-түрін атқардым. Біз теміржол локомотивтарына күрделі жөндеу жасадық. Аса қиын жылдары да кәсіпорын тоқтаған емес. Енді құрастыру жасайды екен, тамаша бастама!

Тамаша бастама бүгін іске асрыла бастады. Осы жерде енді жаңа локомотив құрастыру зауыты бой көтереді. Заманауи құрылыстың капсуласы салынып, жоспары бекітілді. 47 миллиардқа салынатын кәсіпорынның смета құжаты дайын, инфрақұрылымы да бар деп отыр өңір басшысы.

Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:

Президенттің тікелей тапсырмасы. Осындай инвестиция тарту бағытында үлкен, қазіргі заманауи технологиямен жабдықтайтын, газбен тартатын электрлокомотивтер болады. Сұйытылған газбен, экология талабына сай.

Зауыт құрылысы келесі жылы басталып, 2026 жылы тапсырылады. Жаңа кәсіпорын 800, бірт- бірте 1300 адамды жұмыспен қамтымақ. Болашақ зауыттың жаңа директоры да тағайындалыпты.

Жанатбек Адамбаев, Атбасар локомотив құрастыру зауытының директоры:

Жаңа зауыт магистраль электровоздардың 360 секциясын, маневр тепловоздардың 60 секциясын шығарады. Болашақта локомотив элементтерін оқшаулау,дайындау жоспарланып отыр.

Инвестициялық жоба іске асырылып жаңа зауыт бой көтерсе, өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуына да септігін тигізері анық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде