{metadescription}
КТК: «Астарлы ақиқат» ток-шоуы жаңа форматта шығатын болды
КТК: «Астарлы ақиқат» ток-шоуы жаңа форматта шығатын болды

КТК: «Астарлы ақиқат» ток-шоуы жаңа форматта шығатын болды

«Астарлы ақиқат» қайта оралды! Көрермен көзайымына айналған ток-шоу енді жаңа форматта шықпақ. Бағдарлама тізгіні де жаңа тележүргізушінің қолында.

Қуат Ауғанбек, заңгер:

Бұл азамат елімізде танымал деп есептеймін. Өйткені тәжірибесі мол. Бәленбай жылдан бері журналистика саласында істеп жүрген азамат.

Жаңа жүргізуші ток-шоуда түрлі тақырыпты қаузамақ. Студияда бала мәселесі, ерлі-зайыптының өмірі мен танымал жұлдыздар жайында айтылады. Әртүрлі маманның басын қосқан бағдарламаның тұрақты сарапшылары да бар. Олар жастар мен үлкендердің атынан өз пікірлерімен бөліседі.

«Астарлы ақиқат» КТК арнасынан дүйсенбіде, кешкі жаңалықтардан соң эфирге шығады.

Дастан Шымырбай, «Астарлы ақиқат» бағдарламасының продюсері:

 — Атауы сақталып қалды. Өйткені бағдарлама КТК арнасының бренді. Біз сол себепті атауын да қалдырдық. Форматқа сәл-пәл өзгеріс енгіздік. Болашақта да бағдарламада бұрынғы тақырыптардан сәл ауытқимыз. Қандай тақырыптар? Адамның жан-дүниесіне әсер ететін, жақсы нәрсені насихаттайтын тақырыптарға бағыттаймыз. Ол бірден болмайды, белгілі бір кезеңнен өткізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде