{metadescription}
Ақтауда он қабатты үйдің қасбеті өртеніп кетті
Ақтауда он қабатты үйдің қасбеті өртеніп кетті

Ақтауда он қабатты үйдің қасбеті өртеніп кетті

Ақтауда он қабатты үйдің қасбеті өртеніп кетті. Жалыннан бірнеше пәтерді ыс басып, тұрғындардың дүние-мүлкі бүлінген. Тілсіз жаудан зардап шеккендер енді шығынды кімнен өндірерін білмей отыр.

Темірбек Ербосынов:

Қорқынышты болды, үйдің іші түгел кеткен екен деп... Кейбір көршіде көрдік, толықтай кеткені бар екен. Бізде ас бөлмеден келген, сыртқы терезеден. Басқа бөлмелерге ыс кірген, иіс кірген. Түсқағаз, төбесі де бүлінген. Шығынын өтеп берсін.

Өрт таңғы сағат алты шамасында болды. Тұрғындардың көбі таңсәріде көк түтіннен тұншығып оянған. «Отырар сити» деп аталатын кешеннің алпысқа жуық тұрғыны далаға атып шықса, жоғарғы қабаттағы пәтерде тұратын 15 адамды өрт сөндірушілер сатымен түсіріп алады. Арасында сегіз бала бар. Барлығы дін аман. Ғимараттың сыртын қаптаған материал тез тұтанғыш екен. От тиген бойда төменнен жоғарыға қарай от лаулап жана жөнелген. Кешенді салған құрылыс компаниясы бүлінген қасбетті қайта қалпына келтіріп береміз деп отыр. Ал осындағы тұрғындардың ыс басқан баспанасын жөндеп, шығынын кім өндіретіні әзір белгісіз.

Қаршыға Сайлаубаев, құрылыс компаниясының өкілі:

Өрттің себебін анықтау үшін арнайы сараптама тағайындалды. Келтірілген залал көлемін ескере отырып, тұрғын үй кешенін басқарушы компания тұрғын үйді қалпына келтіруге көмек көрсету туралы құрылыс салушы компанияға өтініш білдірді. Өтінішке жауап ретінде «К7 групп» компаниясы өкілетті органдар рұқсат бергеннен кейін дереу қалпына келтіру жұмыстарын бастайтынын айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде