{metadescription}
Алматы: Тауда адасып кеткен туристер табылды
Тауға тамсанамыз деп шығып, қайтарға жол таба алмай қалған. Алматы тауында адасып кеткен туристер дін аман табылды.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
02.09.2024
37 және 44 жастағы екі әйел Іле Алатауының «Совет» шыңына шыққан екен. Биіктікті бағындырғанымен, түсер жолда қалың тұман басып, екеуі туристік топтан қалып қойған. Адасып жүріп, абырой болғанда ұялы байланыс ұстайтын жерден құтқарушыларға қоңырау шалып үлгеріпті. Төтеншеліктер оларды екі сағаттың ішінде тапқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!