{metadescription}
Алатауға қар жауды. Синоптиктер болжамы
Алатауға қар жауды. Синоптиктер болжамы

Алатауға қар жауды. Синоптиктер болжамы

Алатауға қар жауды. Күздің алғашқы күнінде Шымбұлақ тау-шаңғы кешенін қар басып қалды. Суық ауа райы еліміздің бірқатар аймақтарына да жеткен.

Мамандар мұндай құбылысты еліміздің солтүстік-батысынан кірген суық ауамен байланыстырып отыр. Содан таулы аймақтарға жауған жауынның арты қарға айналған. Осылайша түнде Шымбұлақ шатқалын үш сантиметрге дейін қар басты. Дегенмен мамандар «қар көп ұзамай ериді» деп болжайды. Шаңғы маусымы жоспар бойынша қарашада ашылмақ.

Жалпы алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жел күшейіп, республиканың солтүстігі мен шығысының кей жерінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Ал күндіз ауа температурасы біртіндеп төмендей бастайды.

Дәулет Кисебаев, «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы және Алматы облысы филиалының метеорология болжамы бөлімінің басшысы:

Алдағы түнде Алматының таулы аймақтарында аздаған жауын-шашын күтілуде. Ал биік тауларда қар жаууы ықтимал. Қалада ауа температурасы 8-10 градус аралығында, ал тау шатқалдарында 0 мен 5 градус шамасында. Жалпы бұл климатпен қамтамасыз етілген қалыпты жағдай. Өйткені орташа таулы аймақтар теңіз деңгейінен 2000 метр жоғары болғандықтан, қыркүйекте шамамен 2-5 күн, ал биік таулы аймақтарда 5-10 күнде жауын мен қар жаууы ықтимал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде