{metadescription}
Тасқын: Атбасарда 200 отбасы жаңа баспанаға ие болды
Тасқын: Атбасарда 200 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Тасқын: Атбасарда 200 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Ақмола облысының Атбасар қаласында тасқыннан зардап шеккен 200 отбасы пәтер кілтін алды. Олардың арасында бұған дейінгі жылдары су басып, үйі апатты деп танылғандар да бар.

Биыл көктемгі тасқын атбасарлықтарды да аяған жоқ. Жабай өзені арнасынан асып, жүздеген үй су астында қалған. Бұған дейін де талай рет қызыл судан шығынға батып, дүние-мүлкінен, басындағы баспанасынан айырылған. Бүгін сондай 200 отбасында  қоныс тойы. Олар жаңа пәтердің кілтін алды.

Есен Мұсажанов:

Мен бүгін көптен күткен пәтерімнің кілтін алдым. Екі бөлмелі пәтер. Қуанышым қойныма сыймай тұр.

Қуанышы қойынына симай жүргендердің арасында құрылыстың аяқталуын күн санап күткен көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер мен мүгедектер де бар. Өңірде тасқын зардабын шеккен 490 отбасы биыл баспаналы болды.

Ермек Нұғыманов, Ақмола облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы:

Халық қуанып жатыр. Осыны ұзақ күтті. Жалпы облыста тасқыннан зардап шеккендердің бәріне көмек көрсетілді.

Қазір жер сору техникасы орнатылған Жабай өзені тазартылып жатыр. Осылайша жергілікті билік апаттың алдын алмақ. Ал жаңа үйлер өзеннен қашық қауіпсіз бөлігінде екен.

Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:

Тек зардап шеккендер емес, су тасқынында су басады деген қаупі бар жерден көшіріп жатырмыз. Бұл тек тасқын салдарын емес, себебімен күресу мақсатында жасалып жатқан іс-шара. 

Тасқынға қарсы күреске қала арқылы өтіп, сыртқа суды ағызатын үш бірдей шлюз орнату көзделіп отыр. Осы мақсатқа бюджеттен 84 миллион теңге бөлініпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.