{metadescription}
El Umiti сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
El Umiti сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

El Umiti сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Елордада «Ел үміті» премиясының жеңімпаздары марапатталды. Жер-жерден келген үздік студенттер мен оқушылар бірнеше ай бойы дайындаған өздерінің әлеуметтік жобасын қорғап, арнайы комиссияға таныстырды. Білім сайысында топ жарғандар құны 2 миллион теңгеге дейінгі білім грантына ие болды.

Диана Зекенова, El Umiti сыйлығының II орын иегері:

Менің жобам  «Ойлайық» онлайн-мектеп жобасы. Балалар, оқушылар олар телефонмен тығыз байланыста, оларды оқуға тарту мұғалімдердің басты проблемасы. Сондықтан өзім болашақ ұстаз болғаннан кейін, осы мәселенің шешімін табу үшін ойын арқылы оқушыны оқуға тартуды таптым.

Бұл премия жастардың түрлі салада өзін-өзі дамытып, жоғары нәтижеге қол жеткізуіне сеп болатын El Umiti корпоратив қорының айтулы жобаларының бірі. Қор тәлімгерлері бірнеше ай бойы болашағынан зор үміт күттіретін зейінді балаларға жобасын қалай дұрыс жоспарлап, идеяларын жетілдіру бойынша жан-жақты бағыт-бағдар берді.

Жалпы әр түкпірден жиналған оқушылар екі кезең бойынша іріктелген. Алғашқы кезеңде қатысушылар жеті бағытта түрлі оқу курсы мен байқауларға белсене қатысқан. Ал соңғы кезеңде үміткерлер өзінің әлеуметтік жобасын сәтті қорғап шығуы тиіс.

Нәтиже көрсеткендерге Зерендіде өткен жазғы білім беру лагеріне жолдама берілген. Ал, бүгінгі финалдың жеңімпаздарына қосымша білім алуға бағытталған ақшалай сыйлықтар табысталды. El Umiti жобасының келесі легіне тіркелу 15 қыркүйекте басталады. 

Әсемгүл Үсенова, El Umiti корпоратив қорының жоба үйлестірушісі:

Мұнда сыйлық көптеген тағылымнан өткізуге, халықаралық байқауларға қатысуға, спорт жарыстарына арнайы жарна болып табылса немесе ЖОО, орта оқу орындарына, яғни жылдық оқуын төлеуге арналады. Яғни мұнда біз балаға, жеңімпазға ақшалай емес, одан әрі дамып, өзін-өзі жетілдіруге үлес қосамыз арнайы білім беру грантын беріп қаржыландырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.