{metadescription}
Венеция фестиваліне ұсынылған фильм Қазақстанда — «София»
Венеция фестиваліне ұсынылған фильм Қазақстанда — «София»

Венеция фестиваліне ұсынылған фильм Қазақстанда — «София»

81-ші Венеция фестиваліне ұсынылған фильм енді Қазақстанда көрсетілмек. «София» атты қазақ-түрік картинасы әдемі өмірге ұмтылған қыздың «тозаққа» түскені туралы. Авторлары зорлық-зомбылық, отбасылық құндылықтар мен шынайы достық тақырыптарын қозғаған. Фильм — әйгілі отандық режиссер Төлепберген Байсақалов пен Дарья Дуничтің ортақ туындысы.

Дарья Дунич, режиссер:

Бүгін Венеция кинофестивалі аясында «София» фильмі көрсетілді. Бұл біз үшін өте маңызды сәт. Кино тарихты айтып, тәжірибе алмасу үшін құрылған. Біз табысқа жетеміз деп ойлаймын.

Фильм сюжеті түріктің бай жігіті Хусейнмен украин қызы София бойжеткеннің махаббат хикаясын баяндайды. Хусейннің жұбайы күйеуінің опасыздығын білгеннен кейін Софияның өмірі күрт өзгереді. Қара теңіз жағасына жазылған бойжеткеннің ауыр тағдыры қазақстандық Азаматпен тоғысады. Кинотуынды екі елде, бар-жоғы бір айда түсіріліпті. Басты рөлдерді Түркиядан келген жас актриса Яна Рай мен режиссердің өзі Төлепберген Байсақалов сомдады. Негізгі түсірілім Стамбұлда болса, шағын бөлігі қазақ ауылында өрбиді. Кинотуынды 12 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі.

Яна Рай, актриса:

Біз үшін бұл шығармашылық және дарынды адамдардан құралған үлкен ұжымның жұмысының нәтижесі. Түсірілім алаңында көп уақыт өткіздік. Таңсық жағдайларға тап болдық және оның бәрін сәтті шештік. 12 қыркүйекте Қазақстандағы премьераға келіңіздер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде