{metadescription}
«Астарлы ақиқат» ток-шоуы дүйсенбі - бейсенбіде — эфирде
«Астарлы ақиқат» ток-шоуы дүйсенбі - бейсенбіде — эфирде

«Астарлы ақиқат» ток-шоуы дүйсенбі - бейсенбіде — эфирде

Көрермен көзайымына айналып, түйткіл мәселенің түйінін шешкен «Астарлы ақиқаттың» жаңа маусымы бүгіннен бастап эфирде. Бұл жолы тақырыптар да өзгеше, жүргізуші де жаңа. Бағдарлама күрмеуі қиын түйткіл мәселелерді қозғайды. Ток-шоуды дүйсенбі мен бейсенбі аралығында Жаңалықтардан соң көре аласыздар.

КТК арнасының брендіне айналған «Астарлы ақиқат» осыған дейін талай жанды жұбатып, қиналғанға қол ұшын созған. Ток-шоудың мақсаты да сол. Бұл жолы ток-шоу тек жаңа жүргізушімен ғана емес, сондай-ақ тұрақты сарапшылармен де толықтырылды. Барлығы енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтармақ. 

Асхат Садырбай, «Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі:

Мақсат  студияда улап-шулап, «бізде бәрі нашар», «бізде бәрі жаман», «адамның бәрі жаман» деген нәрсені көрсету емес. Осы мәселелердің түп-тамырына үңілу, ақиқатында біз неге жетеміз? Соңында біз қандай түйінге келеміз? Біздің мақсатымыз не? Отбасыны сақтап қалу ма, болмаса осы мәселенің анық-қанығын біліп, проблеманы шешу ме? Ендеше біз оған көмектесейік. Сарапшыларымыз бар, көрермендеріміз бар. Бәріміз осыған ат салысамыз. 

Бағдарламаның алғашқы шығарылымы баланың мәселесіне арналған. Ата-анасының қамқорынсыз қалған сәбидің тағдыры дәл осы «Астарлы ақиқатта» айтылады. Ток-шоу авторлары бірнеше шығарылымды танымал тұлғаларға арнаған. Мәселен, «Астралы ақиқат» студиясында «жұмыссыз қалған жұлдыздар», «Мәдина Ералиеваның арманы мен өкініші» сынды тақырыптар көрсетілмек.

Жасұлан Сейітқалиев, тұрақты сарапшы:

Бұл жерде анық-қанығын, әркімді тыңдай алатын жүргізші болды. Екі жақты да тыңдап, сарапшыға да сөз беріп, сол жағынан мәселе жан-жақты қаралады. Сарапшылар жан-жақты және өзінің көзқарасымен бөліседі. Үлкен-кішілі болып. Әркімнің өз кәсіби саласы да, бір бағыты да бар.

Бағдарлама дүйсенбі мен бейсенбі аралығында, Жаңалықтардан кейін көрсетіледі. Ток-шоуды өткізіп алмаңыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде