{metadescription}
0:000:00
Референдум: Атом электр станциясын салуға келісесіз бе?

Референдум: Атом электр станциясын салуға келісесіз бе?

Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе? 6 қазанда өтетін референдумда қазақстандықтарға дәл осы сұрақ қойылмақ. Науқанға қызу дайындықты бастап кеткен Орталық сайлау комиссиясы бүгін саяси шараға жұмсалатынын қаражатты да жариялады.

Сәбила Мұстафина, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Референдум туралы заңның 20-бабына сәйкес, біз орталық референдум комиссиясы, Үкіметке шығын сметасын жобасын дайындап жібереміз. Бүгін таңертең осы іспен айналысып, толық әзірледік. Орталық комиссияның дайындаған сметасында шығыстардың жалпы сомасы 15,5 млрд теңгені құрады.

Күні кеше ғана президент Қазақстан халқына жолдауында АЭС бойынша референдумның күнін белгілеп, кейіннен тиісті жарлыққа қол қойған. Жалпы науқан 6 қазан жексенбі күні таңғы сағат жетіден кешкі сегізге дейін өткізілмек. Кейбір аймақта әртүрлі уақыт белгіленуі мүмкін екендігін Орталық сайлау комиссиясы қазірден ескертеді. Барлық мәліметтер жергілікті тұрғындарға алдын ала ескертілетін болады. Дауыс беру қорытындысы 7 күн ішінде шығады. Жалпы 10 327 дауыс беру пункті бар болса, оның 72-сі Қазақстаннан тыс жерде. Елімізде бас-аяғы 12 миллионнан астам адамның дауыс беру құқығы бар. Соның 50 пайыздан астамы сайлау учаскесіне келіп таңдауын жасаса, референдум өтті деп саналады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.