{metadescription}
0:000:00
Алматы облысында төрт адам адам күйдіргі жұқтырған

Алматы облысында төрт адам адам күйдіргі жұқтырған

Алматы облысында күйдіргі жұқтырған төрт адам ауруханаға түсті. Қауіпті індет әзірге екеуінен ғана нақтыланған. Үлкен Ақсу ауылының тұрғындары ауласында ірі қара малын сойған соң өзін жайсыз сезіне бастапты. Қазір олармен қарым-қатынаста болған жақындары бақылауға алынған. Ауылдағы төрт-түлік те тексеріліп жатыр. Эпидемия ошағынан қазір мал өнімдерін сыртқа тасымалдауға шектеу қойылғанымен, ауру малдың еті сол күні-ақ Алматыға жіберілген.

Соңғы күндері Ұйғыр ауданының Үлкен Ақсу ауылынан ет-сүт өнімдерінің сыртқа шығарылмауы қатаң бақылауға алынған. Мұндай мұқияттылыққа осындағы төрт тұрғыннан күйдіргі жұқтыруы себеп. Екеуінен індет зертханалық талдаумен расталып үлгерген. Олар ауру малды сойған соң өзін жайсыз сезінген. Көп ұзамай қолын жара басқан. Науқастардың екеуі қазір Алматы қаласында емделіп жатыр. Қалған екеуі аудандық ауруханада.

Марат Исмаилов, Алматы облысының бас санитария дәрігері:

 Қатынаста болған 21 адам анықталды. Барлығын медициналық бақылауға жолданды. Ошақтарда сыртқы ортадан арнайы сынама алып, оны біздің санитария-эпидемиология сараптама орталығына жіберілді.

Күйдіргіге шалдыққан тұрғындардың үйі оқшауланған. Індеттің төрт ошағынан жалпы саны 43 сынама алыныпты. Оның жетеуі расталған. Жартысының қорытындысы әлі дайын емес. Ауру малдың еті, терісі мен оны союға қолданылған құрал-сайман түгел өртелген. Ветеринарлар аулаларды аралап, төрт-түліктің жағдайын қадағаласа, медицина мамандары тұрғындардың денсаулығын бақылауда. 

Дастан Құдабаев, Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары:

Аулалардағы малдың қазіргі жағдайын қарап, анықтап, жұқпалы аурудың бар-жоғын, одан бөлек Сібір жарасына вакцинация егілген-егілмегенін, нәтижелерін анықтап, жұмыс атқарып жатырмыз.

Қауіпті індетті жұқтырып алған науқастар өз үйінің ауласында ветеринариядан рұқсат құжатынсыз мал сойған. Қазір олардың жағдайы тұрақты дейді дәрігерлер.

Үлкен Ақсу ауылында сойылған бір ауру сиырдың еті Алматы қаласына жіберілген. Бірақ мамандар оның қай үйге жеткізілгенін дереу іздеп тауып, етті бөлшектеген адамдарды бақылауға алған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде