Алматы облысында сәбилерді сатып жүргендер ұсталды
Бала саудасын қыздырған. Алматы облысында сәбилерді сатып, ақша жасап жүргендер ұсталды.
Автор: Шапағат Мырзабекова
03.09.2024
Бала бизнесінің басы-қасында 38 жастағы әйел тұрған. Қызылорда облысы тумасының артында тіпті «тұтас қылмыстық топ тұр» деп күдіктенеді полицейлер. Қазір олар уақытша ұстау изоляторында. Тәртіп сақшылары қаскөйлердің ізіне әлеуметтік желі арқылы түсіпті. Сол жерде баланы, оның ішінде жаңа туған нәрелестені заңды түрде асырап алуды ұсынып, шын мәнінде саудаға салған. Нақты қанша баланың осындай жолмен "саудаға түскенін" полицейлер әзірге айтпай отыр. Белгілісі, "кәмелетке толмағандарды сату" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Меруерт Морякова, Алматы облысы ПД ресми өкілі:
— 28 тамызда жедел іздестіру іс-шараларында Қызылорда облысының тумасы, 38 жастағы күдікті анықталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамаіға алынды. Қазір тергеу жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!