Петропавл: М. Қозыбаев атындағы университеттің корпусы жөнделетін болды
Петропавлдағы Манаш Қозыбаев атындағы университеттің бір корпусы жабылып қалды. Қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің ғимараты апатты деп танылған. Сондықтан студенттер басқа нысанға ауыстырылып, ескі ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіледі дейді университет басшылығы.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
03.09.2024
Оқу орнының үшінші корпусы осыдан 70 жыл бұрын бой көтерген. Көне ғимарат университтетің ғана емес, бүкіл Қызылжардың көркін кіргізген сәулет өнерінің үздік туындысы істпеттес болған. Тұрғындар оны «тіл мен әдебиет институтының сарайы» деп атайды. Солтүстіктегі жоғарғы оқу орнындарының тарихы осы жерден бастау алады. Өйткені білім ошағынан өңірдегі барлық педагог тәлім алған. Оны жабылады екен деген қауесет тұрғындарды алаңдатып қойды. Оқу орны басшылығы оларды сабырға шақырып, апатты деп танылған ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілетінін айтады. Әзірге одан шыққан 700-ге тарта студент басқа он корпусқа бөлініп кетті. Сараптама ескі ғимарттың іргетасы мен ағаш қабырғалары әдбен тозғанын анықтаған. Сондықтан білім алушылар мен ұстаздардың қауіпсіздігі үшін оны жауып, күрделі жөндеу жүргізбекші.
Ерлан Тоқшалық, М. Қозыбаев униеверситеті ректорының кеңесшісі:
— Корпусқа арнайы сараптама жүргізіліп жатыр. Өйткені бұл ескі ғимарат болғандықтан, мұнда күрделі жөндеу жүргізу қажет. Сол себепті сараптамадан өткеннен кейін міндетті түрде бұл ғимаратқа жөндеу жүргізіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!