Алматы облысы: 50-ден аса мектеп үш ауысымда оқытып жатыр
Алматы облысында 50-ден аса мектептің оқушылары үш ауысымда оқуға мәжбүр. Өйткені білім ошағында орын тапшы. Ал мектеп жасындағы балалар саны жылына 20 мыңға артып келеді. Мәселені шешу үшін жаңа оқу жылында Болат Өтемұратов қоры мен ForteBank қолдауымен салынған заманауи мектептің есігі ашылды.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
03.09.2024
Бұл мектепке қыруар қаражаттың жұмсалғанын кабинеттері мен сондағы сапалы құрал-жабдықтан-ақ көруге болады. Аралай берсең, өзіңді құдды бір көгілдір экраннан ғана көретін шетел мектебінде жүргендей сезінесің.
Жадыра Шербаева:
— Осыған себепші болған әр азаматқа, қаржылай көмектескен азаматтарға, әр құрылысшыға шын көңілден. ауылымыздың атынан рақмет айтамыз. Мектеп керемет!
Халықаралық стандартқа сай салынған мектептің құрылысына 8 миллиард теңге жұмсалған. Аумағы 13 мың шаршы метрге жуықтайтын білім ошағында 900 оқушы емін-еркін білім ала алады.
Марат Айтмағамбетов, Болат Өтемұратов қорының директоры:
— Бәріміз білеміз, елімізде мектеп жетпейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет айтқан. Сондықтан біздің қордың құрылтайшысы 2022 жылда бірінші шешімді қабылдады.
Қордың қолдауымен тұрғызылған бұл мектеп алғашқысы емес. Бұған дейін осы екі жылдың ішінде Қосшы мен Шелек ауылында да дәл осындай заманауи білім ошағы салынған. Үшеуі де облыс әкімдігінің балансына өткізілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!