{metadescription}
«Атамекен»: АЭС құрылысы кәсіпкерлікті де дамыту үшін қажет
«Атамекен»: АЭС құрылысы кәсіпкерлікті де дамыту үшін қажет

«Атамекен»: АЭС құрылысы кәсіпкерлікті де дамыту үшін қажет

Атом электр станциясының құрылысы ауыр өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту үшін қажет. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы АЭС құрылысы шағын және орта бизнестегі жаңа кәсіпорындардың пайда болуына зор серпін беретініне сенімді.

Жақып Хайрушев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры:

Осындай ірі, жүйелі құрылыс жобалары кәсіпкерліктің өркендеуіне едәуір мүмкіндік беретіні бәрімізге мәлім. Нақтырақ айтсақ, біздің атом электр станциясы инфрақұрылымды, автомобиль жолдарын, темір жол мен автомобиль жолдарын, жалпы қызмет көрсету саласын ілгерілетуге сеп болады.

Бұған қоса, атом электр станциясы энергия тапшылығын айтарлықтай жоюға мүмкіндік беретінін қосуға болады. Сол себепті АЭС құрылысы тек жаңа кәсіпорындарға ғана емес, қарапайым халықтың күнделікті жайлы өмір сүруіне де аса қажет. Қазірг еліміз Ресейден электр энергиясын сатып алуға мәжбүр. Дегенмен қазақстандықтар алдағы референдумда АЭС құрылысын қолдап дауыс берсе, электр қуатын шетелден жеткізуге тәуелділік түбегейлі жойылады дейді мамандар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.