{metadescription}
0:000:00
Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды

Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды

Әкімдік мерзімі біткен күні қолына кісен салынған. Антикор Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевты ұстады. Кісен әзірге әкімнің ғана қолына салынғанымен, заңсыз әрекеттерге басқа да тұлғалардың қатысы бар екені анықталған.

Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қарасаев облыстық прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлесе отырып, Іле ауданындағы қоқыс полигонының қызметін тексергеннен кейін ұсталыпты.

Айта кетейік, Бағдат Қарасаев Іле ауданын 2018 жылдан бері басқарып келді. Күні кеше әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталған болатын. Бұған дейін ол Талдықорған қаласының әкімі, кейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып қызмет еткен.

Алматы облысының прокуратурасы:

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Бағдат Қарасаев ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128 және 131-баптарының тәртібінде ұсталды. Оған кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды және мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтірді деген айып тағылды. Аталған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде