{metadescription}
«Баламыз әдемі болады». Экс-депутат Садықовтың қылығына Перуашев түсініктеме берді
«Баламыз әдемі болады». Экс-депутат Садықовтың қылығына Перуашев түсініктеме берді

«Баламыз әдемі болады». Экс-депутат Садықовтың қылығына Перуашев түсініктеме берді

«Біздің балаларымыз әдемі болады». Экс-депутат Асқар Садықов Мәжіліс қызметкеріне қырындап, осылай бірнеше рет ұятсыз хаттар жазыпты. "Патшайымым" деп оңды-солды комплимент жаудыртқан мәжілісмен ақыры мандатынан айырылып тынған. "Ақжолдық" экс-депутаттың өрескел қылығына партия төрағасы Азат Перуашев түсініктеме берді.

Азат Перуашев, «Ақ жол» ҚДП төрағасы, Мәжіліс депутаты:

Мәселен, парламентте (партияда емес) жұмыс істейтін бір әйел адам А.Садықовтың бірнеше рет ұятсыз ұсыныс жасап, қысым көрсеткені туралы айтып арызданды. Ол өзінің сөзіне дәлел ретінде ватсабына А.Садықовтан келіп түскен хабарламалардың скринін көрсетті (этикалық себептерге байланысты оның бопсалауына тап болған аталған жәбірленушінің есімі жасырылған). Арызданушы 17 сәуірде өзіне жазылған мұндай қорлау ұсыныстарды жауапсыз қалдырып, елемеген екен. Алайда 15 мамырда бұл әрекеттер тағы қайталанған және арызданушының айтуынша, А.Садықов жыныстық бопсалауды жүйелі түрде басқа күндері де жалғастырған. Бірақ А. Садықовтың депутаттық қол сұғылмаушылыққа ие екендігіне байланысты, харассментке тап болған жәбірленуші құқықтық қорғауға жүгіне алмаған.

Азат Перуашев шағымдардың дені Садықовтың теріс іс-әрекеттеріне, атап айтқанда, өкілеттігін асыра пайдалану мен этикалық нормаларды бұзуына байланысты болғанын жеткізді. Партия төрағасы экс-депутаттың бұдан да басқа фактілері барын және соның негізінде осындай шешім қабылданғанын атап өтті. Оның кейбіреулері құқық қорғау органдарының да назарын аударуы мүмкін. Ондай жағдайда қажетті көмек көрсетуге дайынбыз, деді Перуашев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.