{metadescription}
Аманжол Әлтай: Домбыраға ұшақтан қашан орын бұйырады?!
Аманжол Әлтай: Домбыраға ұшақтан қашан орын бұйырады?!

Аманжол Әлтай: Домбыраға ұшақтан қашан орын бұйырады?!

Қазақтың қара домбырасына ұшақтан қашанғы орын бұйырмайды?! Депутат Аманжол Әлтай әуе компанияларының ұлттық аспабымызды қол жүк ретінде тасымалдауға рұқсат бермеуін сынға алды.

Бұған дейін бірнеше рет өнер адамдарының жансерігіне айналған домбыра аспабын әуе компанияларының жүк ретінде өткізуін талап еткеніне наразылық білдірген бейнеүндеулері әлеуметтік желіде жарияланған. Амалсыз жүк ретінде өткізіліп, соның кесірінен аспаптардың бүлінген кезі де болған. Үнемі гастрольге шыққан оркестр де, жекелей орындаушылар да діттеген жеріне жете алмай, әуежайда дау туындап жататын. Осы ретте қазақты жұмыр жерге танытқан қасиетті домбыраны тасымалдау мәселесіне келгенде бір жақты шешім шығаратын уақыт келіп жетті деп санайды депутат.

Аманжол Әлтай, Мәжіліс депутаты:

Бортқа әуе компаниялары қазақтың қасиетті қара домбырасын кіргізбейді. Бұл біздің ұлттық намысымызды қорлау деп түсінеміз. Қазақтың қасиетті қара домбырасы ол қатардағы жүк емес біздің ұлттық құндылығымыз. Бүгінгі таңда осы қасиетті домбыраға қалай болса солай қарау біздің ұлттық намысымызға тиеді. Сондықтан әбден тайраңдап кеткен компанияларды қашан тәртіпке шақырасыздар?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.