{metadescription}
Депутат: Биометриядан өтуді тек мемлекеттік сәйкестендіру жүйесінде істеу керек
Депутат: Биометриядан өтуді тек мемлекеттік сәйкестендіру жүйесінде істеу керек

Депутат: Биометриядан өтуді тек мемлекеттік сәйкестендіру жүйесінде істеу керек

Қазақстандықтардың биометрия мәліметтері жекеменшік компаниялардың қолында кетіп жатыр. Құпия ақпараттар қолжетімді болған сайын, алаяқтардың да айы оңынан туып жатыр дейді Екатерина Смышляева. Сондықтан биометриядан өтуді тек мемлекеттік сәйкестендіру жүйесі арқылы ғана қамтамасыз ету керек деп санайды.

Заман ағымына сәйкес, бүгінде қолымыздағы қарапайым телефоннан бастап, үйдегі кіреберісте, қызметтік ғимараттардың барлығында «фэйс айди» сұралады. Депутат осылайша азаматтардың жеке мәліметі, әсіресе адамның бет-әлпеті, саусақ ізі, көздің нұрлы қабығы сияқты сезімтал деректері әр жерде сақталып қалатынын айтады. Оған жуырда ғана ұялы телефон нөмірлерін тіркеген кезде де биометриядан өту міндетті болады деген ереже қосылды. Цифрлық жадының ізіне түскендер мұндай жаңашылдықты қалт жібермей, кәдесіне асыруда. Бастапқыда алаяқтардан қорғанудың бір амалы деп қолға алған жаңашылдығымыз, түптеп келгенде қорғалусыз қалған деп санайды депутат.

Екатерина Смышляева Мәжіліс депутаты:

Жалпы бізде азаматтардан еріктілік қағидаты ескерілмейді, келісім сұралмайды. Кез келген жерде биометрия деректері алынып, сақталып қалады. Гаджеттің қай түрін алсақ та, бет-әлпетімізді пайдаланамыз. Бізге биометрияға қолжетімділікті тек мемлекеттік сәйкестендіру жүйесі арқылы қамтамасыз етілуі керек. Тұтастай қазақстандықтардың ақпаратын мемлекетттік деректер қорына енгізіп, оның таралмауына, бөгде адамдардың қолында кетпеуіне кепілдік беру парызымыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.